• Kazakh (CIS)
  • Russian (CIS)
  • English (United Kingdom)

Агентство путешествий

Кіріспе сөз

Сіз саяхаттағанды ұнатасыз ба немесе жұмыс бабымен сапарларға жиі шығуға тура келе ме? Ондай жағдайда сапар алдында сізді толғандыратын мәселе – жанұяңыз және үй жануарыңыздың жайы. Үй жануарын (күзен, ит, мысық, т.б.) шекара асқан кезде бірге алып жүру мәселесі көптеген қиындықтарға тап қылары анық. Сапар шегу кезінде үй жануарының иесі келесі мәселелермен бетпе-бет келеді: елге кіргізу немесе шығарудың қандай құжаттары ресімделеді, үй жануарына қандай құжаттар толтыру қажет, қабылдаушы елдің қоятын талаптары қандай, үй жануарларын тасымалдаумен қай авиакомпаниялар айналысады, қай қонақүйлер үй жануарларымен бірге түнеуге рұқсат береді, сонымен қатар оларды баптап-күте алады?

Подробнее/   Толығырақ

Біз сіздің үй жануарымен бірге жасайтын саяхатыңыздың барлық қиындықтарын шешіп, туындаған сұрақтарыңызға жауап беріп, сүйікті достарыңыздан ажырамауыңызға бар күшімізді салып, көмектесуге әзірміз.

____________

Алдымен мынадай маңызды аспектілермен танысып алу қажет:

  1. Шекарадан асуға немесе ел ішімен саяхаттауға тек сау жануарларға рұқсат етіледі. Ветеринар көмегіне зәру, ауру жануарларды бірге алып жүруге болмайды. Сондай-ақ өзіңізбен бірге жолға үлкейген жануарларды алып шықпаған дұрыс. Егер жануарыңызбен бірге шетелге шығуды ойға алсаңыз, кетерден кем дегенде 4 ай бұрын дайындалыңыз.
  2. Жануардың міндетті түрде ветеринарлық паспорты болуы тиіс. Егер шетелге шығатын болсаңыз, халықаралық үлгідегі паспорт болуы керек. Халықаралық ветеринарлық паспортта ең алдымен барлық екпелер туралы, гельминттер мен эктопаразиттерден сақтандырылғаны туралы мәліметтер болуы тиіс.
  3. Жануарлар тиісті үлгідегі микрочиппен сәйкестендірілуі тиіс (малға ен салуға 2012 жылдан бастап тыйым салынды). Микрочип ISO 11784 немесе ISO 11785 стандарттарына сәйкес келуі тиіс, өйтпеген жағдайда жануар иесі чипті оқитын құрылғыны ұсынуы тиіс. Чиппен белгілеу жануар туралы мәліметтер бірыңғай деректер қорына енгізілген жағдайда ғана жарамды деп танылады. Кейбір елдерде, соның ішінде Финляндияда құтыруға қарсы егілу үшін жануарда микрочип болуы керек. Өйтпеген жағдайда екпе жарамсыз деп саналады.
  4. 4 аптадан асқан иттер, мысықтар, күзендер құтыруға қарсы уақытында (шығардан 12 ай бұрын және кіргізерден кем дегенде 30 тәулік бұрын) егілуі тиіс. Жыл сайынғы уақтылы ревакцинация талабы бойынша  инкубациялық мерзімі 30 тәулік болуы шарт емес. Екпеден басқа жоспарлы дегельминтизация да жүргізілуі тиіс (шығардан 10 күн бұрын және кіргізерден кем дегенде 90 тәулік бұрын), бұл жөнінде ветеринардың паспортқа соғылған белгісі болуы тиіс. Тағы бір айта кететін жайт: вакцинация мен дегельминтизация ЕО шекараларын асып өтетін жануарларға қолданылатын дәрі-дәрмектермен жүргізіледі. Клиникаларда кеңінен қолданылатын Нобивак және Дронтал ангельминтигі дәрі­-дәрмектері осы тізімге енгізілген. Ал поливалентті құтыруға қарсы Эурикан вакцинасына Финляндия шекарасында тыйым салынған. Эуриканмен иммунизация жасалған жануармен саяхатқа аттанбас бұрын Рабизин компонентін қолданған жөн. ЕО мақұлдаған дәрі­-дәрмектердің толық тізімімен  http://europa.eu.int/ сайтында таныса аласыздар.
  5. Иелері тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік ветеринарлық станциядан №1 формамен куәлік алулары тиіс. Бұл анықтама 3 күнге жарамды. Жануарларды таяу шетелдерге алып шыққан кезде Ветеринария басқармасынан бұл анықтамаға екінші мөр қойғызу керек. Егер жануарды алыс шетелдерге алып шығатын болсаңыз, аталған шараларға қоса Ветеринария басқармасынан елден шығаруға рұқсат беретін арнайы құжат алу керек.
  6. ЕО елдеріне жануарларды алып кіру Еуропа парламенті мен Кеңес директиваларымен және елдің ішкі ережелерімен реттелетіні белгілі, оларда жануарларды коммерциялық емес мақсаттарда алып жүруге және малдың денсаулығына қойылатын талаптар сипатталған. Келген елдің ережелерімен ЕЛДІҢ ЖАНУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕГЛАМЕНТІ бөлімі арқылы таныса аласыз. Жануарларды кейбір ЕО елдеріне (мысалы, Швеция, Ұлыбритания, Мальта, Ирландия) алып кіргенде дегельминтизацияның (эхинококкқа қарсы екпе) жүргізілгенін растайтын ағылшын тіліндегі сертификат талап етіледі. Бұл сертификатты сіздің жануарыңызға тиісті рұқсаты бар ветеринарлық клиника береді. Сертификаттардың үлгілерін біздің сайттан жүктеп, ал түпнұсқаларын ресімделген кезде бізден ала аласыз. Көптеген ЕО елдерінде (мысалы, Швеция, Мальта, Ирландия, Ұлыбритания және басқалары) құтыруға қарсы Rabies Antibody Test талдауының (жануарда құтыру вирусына қарсы антиденелердің барын анықтау, зерттеу)  тиімді жүргізілгенін растайтын құжат талап етіледі.
  7. Тасымалдау көлігін таңдау және жануарды жолға дайындау. Егер елдің ішінде саяхаттайтын болсаңыз, автокөлікті, темір жол көлігін немесе ішкі авиатасымалдауларды таңдай аласыз. Егер шетелге шықпақ болсаңыз, халықаралық әуе жолымен тасымалдаушылардың ережелерімен және талаптарымен танысып алуыңыз қажет.

Тасымалдаушының ережелеріне қарай жануар сізбен бірге салонға жіберіледі немесе жүктермен бірге тасымалданады. Көлікпен тасымалдаушылардың ережелерімен  Тасымалдаушылар бөлімінен таныса аласыз.

  1. Сапарға шықпас бұрын жануарлармен бірге қай қонақүйге барып түсуге болатынын біліп алыңыз. Бұл жөнінде ақпаратты Жануарларды жылы жүзбен қабылдайтын қонақүйлер бөлімінен оқи аласыз.

Сүйікті жануарыңыздан ажырамаңыз және саяхатыңыз сәтті болсын!

Толығырақ...

 

Құтыруға қарсы антиденелер тестісі

Бұл зерттеу жануардың тіршілік әрекетінде бір рет қана жүргізіледі, содан кейін жыл сайын вакцина алу шарты орындалуы тиіс. Құтыруға қарсы антиденелерді талдау құтыруға қарсы екпе жасалардан кем дегенде 30 күн бұрын, елден шығардан кем дегенде 3 ай бұрын жүргізілуі тиіс. Кейбір елдерде талдау жасаудың өзіндік нормативтері бар. Айталық, жануарды  Швецияға алып шығу үшін талдау құтыруға қарсы соңғы екпеден кейін 120 күн өткен соң жасалуы тиіс.


Анықтама үшін: құтыруға қарсы бейтараптандырушы антиденелердің мөлшері 0,5 МЕ/мл кем болмауы тиіс.

Жануарлардың иелері үшін ең үлкен қиындық – антиденелердің мөлшері ЕО мақұлдаған зертханада жүргізілуі тиіс екендігі. Қазақстан Республикасында мұндай зертханалар жоқ. Мақұлданған зертханалардың тізімі туралы ақпаратпен http://europa.eu.int/ сайтында танысуға болады, "Солнышко" ветеринариялық хирургия және травмотология орталығы-емханасы олардың өкілі болып табылады. Емхана жануарлармен саяхаттауға арналған құжаттарды дайындауға маманданған, ең алдымен тестіден өту жөнінде кеңес беріп, қолдау көрсетеді: қан алып, оны жөнелтіп, сертификат алуға көмектеседі. Сіздің жануарыңыздың халықаралық үлгідегі  ветеринарлық паспортына дәрігер тестіден өткені туралы белгі соғып, емханада дубликаттары сақталады. Осылайша келесі саяхаттар үшін ақпаратты кез келген уақытта қалпына келтіруіңізге болады. «СОЛНЫШКО» емханасы қанды БАӘ, АҚШ, Канада, Австралия және басқа елдердің зертханаларына жөнелте алады.

Қан жөнелту ерекшелігі сол – жануардың қаны алынған күннің ертеңінен кешікпеуі тиіс. Ал зертхана қызметін төлеу тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылады, барлық тиісті жөнеме құжаттарымен бірге тек мақұлданған зертханалардан ғана қабылданады.

Қанды әзірлеу мен тасымалдау ресімі өте қарапайым. Микрочиптің нөмірі алдын-ала оқылғаннан кейін жануардан қан алынып (бұл дегенің барлығы 2-3 мл), қан айналдырылып, сарысуы бөліп алынып, арнайы түтікке құйылады (бұл түтік ішінде қан құтыруға қарсы тест жасалғаннан кейін де бірнеше апта бойы жарамды болуына мүмкіндік береді). Әзір болған сынама ағылшын тіліндегі жөнеме құжаттарымен бірге курьермен зертханаға жөнелтіледі. Тест нәтижелері зертханалардан курьермен бірге қайтып келеді.

Толығырақ...

 

ЕО мақұлдаған вакциналар тізімі ("RABIES" компонентімен бірге)

ANNUMUNE

AILIRAB

BAYOVAC-LT*

BAYOVAC-R/T-suspension/T

 


BAYOVAC-RCP+T**

 

BAYOVAC-SH+LT*

BAYOVAC-SHP*LT*

CADIMUM RAB

CANDIVAC SHLT*

CANDIVAC DHLR

CANDIVAC SHLT+P*

CANIGEN R

CANIGEN CH(A2)LR*

CANIGENCH(A2)PPI/LR*

CANIGEN CHA2P/LR

CANIGEN CHPPi/LR

CANIGEN LR*

CANIGEN MHA2PLR

CANIMED LT*

CANIMED SH+LT*

CANIMED SHP+LT

DEFENSOR

DELVAVAC-R

DOG-VAC

DOHYCAT TETRAFEL RAGE**

DOHICAT i-RC+PT

DOHYRAB

DOHYVAC iR/IR

DOHIVAC iLT+P

DURA RAB 1

DURA RAB 3

ECLIPSE 3 KP-R**

ECLIPSE 4 KP-R**

EGALRAB

ENDURACELL 7 + RAGE MONO

ENDURACELL 8*

ENDURACELL LR/LEPTO T*

ENDURACELL M

ENDURACELL R MONO/T

ENDURALL – K

ENDURALL – M

ENDURALL – P

EPIRAB

EPIFAX LT*

EPIFAX SH+LT*

EPIFAX SHPP+LT*

EUFENOR 1-3

FELAN – R**

FELIDOVAC RC+PT**

FELIGEN CRP/R

FELINIFFA PR**

FELINIFFA P+T**

FELINIFFA PT+HC**

FELINIFFA T+HC**

FELIRAB PT**

FELOCELL CVR-T**

FELOCELL PT**

FELOCELL T**

FEL-O-VAX PCT-R**

FLOVAX PHCT**

FLOVAX PT**

GALAXY IR

HEXADOG

IMMUNRAB

IMRAB

IMRAB-1

IMRAB-3

IMRAB-R

IVENRAB

LEPTORA*

LEPTORABISIN*

LT-VAC T

MADILEP LT*

MADILEP LT+P*

MADIVAK

MADIVAK FLUSSING

MUNORAB-3

NOBI-VAC DHP+RL

NOBI-VAC LT

NOBI-VAC RL

NOBI-VAC SH PARVO-C+LT*

ONTAVET R

PARVOLEPTORABISIN

PENTADOG

QUADRICAT

RABCINE

RABCINE-3

RABDOMUN

RABGUARD-TC

RABICELL

RABIES-VAC

RABIFFA

RABIFFA R

RABIGEN

RABIGEN MONO

RABIGEN SUSPENSIE

RABILABUN

RABISIN

RABIVAC INACTIVADA

RABVAC

RABVAC 1

RABVAC 3

RM FELINE 4+IMRSB 3**

RM IMRAB 1

RM IMRAB 3

SHP+LT VAC VEMIE*

TOBIVAC DESSAU

TOLLWUT-IMPSTOFF JANSSEN

TRIMUNE

UNIRAB

VACCIDOG R TPIMUNE

VANGARD RABIES

VIRBAGEN-CANIS SHA2 P/LT*

VIRBAGEN-CANIS LT*

VIRBAGEN-CANIS SHA2 PPiLT*

VIRBAGEN CANIS SHPPi/LT

VIRBAGEN CANIS SH/LT*

VIRBAGEN FELIS RCP/T**

VIRBAGEN FELIS SHPPi/LT

VIRBAGEN SHAIPPi/LT

VIRBAGEN TOLLWUT suspension/lyophil./-impstoff

VIRBAGEN T

"Мериал" компаниясының құтыруға қарсы вакциналары ішінен тек "Рабикан" ғана жарамды.

Толығырақ...

 

Яндекс.Метрика