• Kazakh (CIS)
  • Russian (CIS)
  • English (United Kingdom)

Жиі қойылатын сұрақтар.

Сұрақ: Микрочип деген не?

Жауап:Микрочип – көлемі күріштің дәні секілді биологиялық инертті шыныдан жасалған капсула ішіне салынатын, жеке бағдарламалық нөмірі бар шағын электронды чип. Микрочипте батарея болмайды, ол сканердің көмегімен іске қосылады. Сканердің әрекет ету өрісіне түскен кезде микрочип оның магниттік өрісінен қуат алып, бірегей 15 таңбалы нөмірді радиосигналмен жібереді. Сканер бұл нөмірді дисплейде көрсетеді. Чип өмір бойғы электронды сәйкестендіруді қамтамасыз етіп, жануарыңызды жоғалудан немесе ұрланудан қорғайды.

 

Сұрақ: Жануарларды чиппен белгілеу не үшін қажет?

Жауап: Жануар жоғалуы немесе ұрлануы мүмкін. "Электронды паспорт" жануардың иесін еш кедергісіз тауып, жануарды үйіне қайтаруға кепіл болады. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары тек чиптелген жануарларды ғана сақтандырады. Еуроодақ елдерінде чипі жоқ жануарларды алып жүруге тыйым салынған. Электронды сәйкестендіру сату үшін өсірілетін асыл тұқымды жануарлар туралы заңмен реттеледі. Ол ветеринарлардың малдың күйі туралы жазбаларды автоматтандырылған түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.

Сұрақ: Микрочип жануар етіне қалай енгізіледі? Қаншалықты ауыртады? Хирургиялық ота немесе анестезияны қажет ете ме?

Жауап:Микрочип тері астына шприц көмегімен енгізіледі. Бұл ресім жануарлар үшін залалсыз, мүлдем ауыртпайды (таңбалау, ен салумен салыстырғанда бұл шара әдеттегі екпе сияқты). Операция немесе анестезия қажет болмайды, микрочипті ветеринарға барған кезде енгізуге болады.

Сұрақ:Чип жануардың денесінде қозғалып жүре ме?

Жауап:Әдетте қозғалмайды. Имплантациядан кейін чип бетінде дәнекерлеуші ұлпа қабаты пайда болады, енгізілген жеріне мәңгі тұрақтап қалады. Алайда кейбір асау, тынымсыз жануарлардың терісінің асты орнықсыз болса, чип орнынан қозғалып кетуі мүмкін. Бұған жол бермес үшін жануар тістеп тастамас үшін, чиптің өте берік имплантациясын (желке тұсында) жүзеге асыру қажет. Мұндай ресімнен кейін 2-3 күн мойнына кең жаға-қамыт кигізген дұрыс.

Сұрақ:Микрочипте қандай ақпарат болады? Чипте жануар туралы медициналық ақпарат бола ма?

Жауап:Қазіргі микрочиптерде тек сәйкестендіру нөмірлері болады. Микрочип технологиясында жануар туралы медициналық ақпарат қарастырылмағанымен, танысу үшін біздің деректер қорымызды шолып шықсаңыз болғаны.

Сұрақ:Қандай жануарларды чиппен таңбалауға болады?

Жауап:чиппен кез-келген үй жануарларын, малды, кеміргіштерді, құстарды, балықтарды, жыландарды т.б.белгілеуге болады.

Сұрақ:Жануарларды қай жасында чиппен белгілеген жөн?

Жауап:Жануарларды чиппен белгілеу үшін жасына шек қойылмайды. Күшіктер мен мысықтың балаларын алғашқы екпе жасардың алдында 5-6 айлығында чиптеген жөн.

Сұрақ:Жабайы аңдарды микрочиппен белгілеуге бола ма?

Жауап:Иә, әрине. Жабайы аңдарды микрочиптеу олардың санын, мекенін ауыстыруын т.б. анықтау үшін ғылыми мақсаттарда қолданылады.

Сұрақ:Әдетте чип қай жерге енгізіледі?

Жауап:Тәжірибеде чипті енгізудің стандартты имплантациялық орындары қалыптасқан. Мысықтар мен иттерге жауырын арасындағы арқасына енгізіледі. Шошқалар мен сиырларға құлағының артына немесе құйымшақ тұсына енгізеді. Ешкілерге құйрығының түбіне, жылқы мен басқа да аша тұяқтыларға жалынан 3-5 см төмен жеріне енгізіледі. Құстардың кеуде бұлшық етіне жасалады.

Сұрақ:Микрочип енгізудің техникасы қандай?

Жауап:Егетін жерді спиртпен сүрту керек. Теріні жиырып ұстап, инені тері астына 30 градус бұрышпен толығымен тығу керек. Шприц жылжытпасын немесе имплантер тұтқасын тірелгенше басу қажет. Содан соң инені алыңыз.


Сұрақ:Сканер қалай жұмыс істейді?

Жауап:Сканерді чип енгізілген жерге 3-5 см қашықтықта жақындатып, пернені басады. Сканер тері арқылы қауіпсіз радиосигнал жіберіп, чиптің кодын оқиды. Код қабылданғаннан кейін сканер шиқылдаған дыбыс шығарып, дисплейде чип нөмірін (мысалы, 398000000012345)
көрсетеді. Сканер ветеринарлар өз қызметін автоматтандыру үшін пайдаланатын түрлі компьютерлік бағдарламаларға чиптің нөмірін енгізуді автоматтандыру үшін компьютерге кабель арқылы жалғануы мүмкін.


Сұрақ:Микрочиптеуді кім жүргізуі тиіс?

Жауап:Микрочиптеуді лицензиялау тоқтатылды. Енді чипті кез келген ветеринар, тері астына екпе жасай алатын кез келген адам енгізе алады. Тәжірибе көрсеткендей, чиппен белгілеуді жануарлардың иелері мен аң үйретушілер де жасап үйренген. Ең бастысы – асептика мен антисептика ережелерін ұстану, ресімді техникалық тұрғыдан дұрыс орындау, жануарлар туралы деректерді бірыңғай қорға енгізу және микрочип нөмірін ветеринарлық кітапшаға жапсыру.

Алайда чиптің дұрыс енгізілгеніне сенімді болу үшін бұл істі ветеринарға тапсырған жөн. Ветеринар микрочипті дәл орнықтыру мен қалай енгізу тәсілін біледі. Сондай-ақ сканер көмегімен чиптің жарамдылығын тексеріп бере алады.


Сұрақ:Микрочиптеу ресімі қалай жүреді?

Жауап:Ветеринар жануарда чиптің бұрыннан бар-жоқтығын сканермен тексереді. Содан соң чиптің жарамдылығын қарап шығады. Тері астына егу арқылы ветеринар чипті жануар ағзасына енгізіп, ресімнің дұрыс өткендігіне көз жеткізу үшін қайтадан сканирлейді. Жануардың паспортына чиппен бірге сатылатын нөмір жазылған арнайы жапсырма желімденіп, чиптелген уақыт жазылады. Содан соң жануар және оның иесі туралы деректер бірыңғай қорға жазылып, тіркеледі.

Сұрақ:Микрочиптелген жануар иесіне қандай құжаттар қажет?

Жауап:Ешқандай қосымша құжаттар қажет емес. Қолда бар ветеринарлық құжаттарға (тегі туралы құжат, ветпаспорт және басқалары) микрочип нөмірі мен чиптің енгізілген уақыты жазылады. Қате енгізілмес үшін және қолайлылық үшін әр шприц немесе микрочипті инемен бірге чип нөмірі және штрих коды бар бірнеше жапсырмалар қоса сатылады./p>

Сұрақ:Жануарларды қай жерде чиптеп және сканирлеуге болатынын қайдан білуге болады?

Жауап: Микрочиптеу бағдарламасына қатысатын ең жақын жердегі ветеринардан білуге болады, оны біздің арнайы Ветеринарды іздеу Ветеринарды іздеу деген сервисіміздің көмегімен табуға болады.

Сұрақ:Чипті PetID.kz сайтында тіркеу не үшін қажет?

Жауап:Біздің сайтта тіркеу – сіздің жануар туралы ақпаратқа тәулік бойы онлайн түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ақпараттың жануар жоғалғанда, тіпті шетелді жүріп жоғалғанның өзінде көмегі зор, ақпарат дереу барлық ветеринарлық клиникалар мен үй-күйсіз жануарларды аулау станцияларына дереу жөнелтіледі.

Сұрақ:Жануарымды қалай тіркей аламын? Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорында тіркеу ақысы қанша?

Жауап:Бұл ақпаратты «Біздің сайтқа тіркелу» атты бөлімнен қарап шыға аласыз.

Сұрақ:Менің деректерім халықаралық деректер қорында қашан пайда болады?

Жауап:PetID.kz сайтында тіркелген сәттен бастап. Біз тіркеуді әдетте сіз тиісті форманы толтырып, ақшаны аударған (егер ақылы тіркелу болса) күннің ертеңіне жүргіземіз. Алайда регламент бойынша әкімгерге тіркеу үшін үш күн уақыт беріледі. Тегін тіркелу дереу жүзеге асырылады.


Сұрақ:Жоғалған жануарды қалай табуға болады?

Жауап:Сіз бізге дереу хабарласып, жоғалған жануар туралы деректі: Жоғалған жануарлар. бөліміне орналастыруыңыз қажет. Жануар табылған бойда, сізге дереу хабар берілетін болады.

Сұрақ:Жоғалған жануардың иесін қалай табуға болады?

Жауап:Жануарды тауып алған адам сканермен жабдықталған ең жақын жерде орналасқан ветеринарлық клиникаға барып, сканер арқылы чиптің нөмірін анықтайды. Содан соң бұл нөмірді Жануардың иесін іздеу бөліміне енгізу қажет, онда иесінің мекенжайы мен телефоны көрсетіледі. Содан соң сол телефон бойынша хабарласу қажет.

Сұрақ:Мен чиптелген жануар сатып алдым, енді оны Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорына қалай тіркеймін?

Жауап:Жануарды Тіркелу Тіркелу бетінде тіркеңіз. Тіркелу ақысы келіп түскеннен кейін жаңа деректер Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорына енгізілетін болады. Жануарларды қайтадан чиптеуге болмайды!

Сұрақ:Мен ветеринармын, микрочиптеумен айналысқым келеді. Неден бастауым керек?

Жауап:Алдымен біздің сайтымыздың басты бетіндегі оң жақ бұрышындағы Ветеринарларды тіркеу пернесін басыңыз, тіркеліңіз. Бұл сізге жабдықты ветеринарлар үшін қарастырылған шегеріммен сатып алуға мүмкіндік береді. Өздеріне ең жақын жердегі ветеринарды іздеуші сайт тұтынушылары сізді Ветеринарды іздеу.
бөлімінен таба алады. Тіркелгеніңіз расталғаннан кейін, Ветеринарлардың кіруіне арналған арнайы бөлімге өтіп, өзіңізге қажетті құрал-жабдықтарды Интернет-дүкеннен таба аласыз. Алдымен микрочипті бірнеше шприц сатып алғаныңыз жөн. Тиісті тауарларды таңдап алғаннан кейін, Кәрзеңкенің көмегімен төлеу тәсілдерінің бірін қолданыңыз. Сонда сіздің деректемелеріңіз енгізілген төлем картасы жасалады. Оны қағазға шығарып алып, ақысын төлеңіз. Сіздің атыңызға тауар келіп түскеннен кейін, жұмысыңызды бастай аласыз!

Сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, бізбен тікелей хабарласыңыз!


Біздің перне

Перне коды

Біз В контактедеміз

Біз Facebookтеміз

Joomla Templates and Joomla Extensions by JoomlaVision.Com

Яндекс.Метрика