• Kazakh (CIS)
  • Russian (CIS)
  • English (United Kingdom)

Жануарлар иелеріне арнау

Барлық үй жануарларының арнайы ветеринарлық паспорттары бар, оған екпелер мен басқа да профилактикалық шаралар жөніндегі ақпарат енгізіледі. Алайда әдеттегі паспорттың жануарларды электронды сәйкестендіргіш түрінде аналогы бар екенін әркім біле бермейді.  Жануарларды чиппен белгілеу әлемде кеңінен таралған. Үй жануарларын электронды чиптермен жабдықтау идеясының жиырма жылдық тарихы бар. Барлық еуропалық елдерде жануарларды чиппен белгілеу құтыруға қарсы егу сияқты әдеттегі ресімдердің біріне айналды. Асыл тұқымды иттер мен мысықтар клубтары және тәлімбақтарда таза текпен таралуын қамтамасыз ету үшін микрочиптер қолданылады.

Бұл әдістеменің мәні неде?

Иттерді, мысықтарды, басқа да үй жануарларын, соған қоса экзотикалық хайуанаттарды чиппен белгілеу мынадай жолмен жүргізіледі: шприц көмегімен жануарға инъекция енгізіліп, нәтижесінде хайуанмен бірге өмір бойы жүретін сәйкестендіргіш нөмірі бар микрочип ағза ішіне барып түседі. Микрочиптің 15 таңбалы сандық коды болады. Мұндағы алғашқы 3 сан – елдің сандық коды, келесі 4 сан – өндірушінің коды, одан кейінгі 8 сан – жануарлардың жеке коды. Бізден сатып алатын чиптер ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкес келеді, ондағы чиптің алғашқы 398 деген саны – Қазақстан Республикасының сандық коды, осылайша жануар шекарадан өтіп бара жатқанда – оның қай елден шыққандығы белгілі болады.

Микрочиптің өзі тек сандық мәліметтерден тұрады. Сіз және сіздің сүйікті хайуаныңыз туралы барлық деректер (тұқымы, аты, ерекше белгілері, иесінің аты-жөні мен мекенжайы т.б.) белгілі болу үшін микрочипті Қазақстан Республикасының алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорында тіркеу қажет.

Соңынан бұл мәліметтерге PetID.kz сайтында тәулік бойғы онлайн режимде ашық қол жеткізілетін болады.

Чиппен белгілеу арқылы жануарларды сәйкестендірудің бірқатар артықшылықтары бар:

1) Бұл ресім жануарлар үшін залалсыз, мүлдем ауыртпайды (таңбалау, ен салумен салыстырғанда чиппен белгілеу әдеттегі екпе сияқты).

2) Ресімді қайта жүргізудің қажеті жоқ (биологиялық жағынан үйлесімді шыныдан жасалған қабықшасының арқасында микрочип жануар ағзасында бөгде зат ретінде сезілмейді, ешқандай жағымсыз әсер тудырмайды, орнын ауыстырмайды).

3) Өмір бойғы электронды сәйкестендіру қамтамасыз етіледі, жануардың ауысып немесе жоғалып кетуіне жол берілмейді (бұл әсіресе тегі ертеден бастау алатын көрме иттері мен мысықтарының иелері үшін қызықтырарлық жайт болары сөзсіз).

4) ЕО елдеріне (2004 жылдан бастап Еуроодақ елдеріне барып қайтуға ниеттенген үй жануарларының барлық иелері өз хайуандарын чиппен белгілеуге тиісті) және басқа да алыс шет елдерге (АҚШ, БАӘ, Австралия, Канада, Жапония т.б.) сапар шеккенде кедендік бақылауды жеңілдетеді.

Жануарларды чиппен белгілеу иесіне сенімді «досын» сақтандыруға мүмкіндік береді. Сүйікті итін немесе мысығын жоғалту кімге оңай тиеді дейсің, ал чиппен белгілеу арқасында жануарыңыз сізге аз уақыт ішінде қайта оралады, өйткені әр ветеринарлық клиникада және үй-күйсіз жануарларды аулау станцияларында жануар туралы барлық мәліметті жайып салатын арнайы сканерлер қойылған. Сондықтан күмәнді болмау үшін –«досыңызды» чиппен белгілегеніңіз жөн.

Соңғы жылдары үй жануарларын ғана  емес, чиппен белгілеу арқылы электронды сәйкестендіру мал шаруашылығында да жаппай қолданыла бастады. Мал шаруашылығында микрочиппен белгілеу мал басын жеке есепке алу, аурулардың алдын-алу үшін кеңінен қолданылып келеді.

Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы зоопарктер микрочиппен белгілеуді өз жануарларын есепке алу үшін ғана емес, сондай-ақ жабайы аңдардың табиғаттағы көшу, орын ауыстыруын есепке алу үшін де қолдана бастады.

Микрочиппен белгілеудің еш залалсыз ресімін пайдаланып, өз сүйікті хайуаныңызды біздің деректер қорымызда тіркеңіз, сонда оны ешқашан жоғалтпайсыз!

Біздің перне

Перне коды

Біз В контактедеміз

Біз Facebookтеміз

Joomla Templates and Joomla Extensions by JoomlaVision.Com

Яндекс.Метрика