• Kazakh (CIS)
  • Russian (CIS)
  • English (United Kingdom)

Қазақстан Республикасындағы алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қоры – PetID.kz сайтына қош келдіңіздер!

PetID.kz Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қоры Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүретін микрочиптермен сәйкестендірілген жануарлар мен олардың иелері, Қазақстан Республикасында сәйкестендірілген, алайда шетелде тұратын жануарлар туралы деректердің бәрін бір жерге біріктіреді. Бұл ақпарат тәулік бойы ашық on-line қол жеткізу режимінде тұрады, оны ветеринарға барғанда, адасқан жануарларды иелеріне қайтару үшін, сақтандыру мақсатында, көрмелерде немесе тек тазалығын сақтау үшін шағылыстыру кезінде жануарлар ауысып кетпеу үшін, шетелге шыққанда және басқа да көптеген жағдайларда пайдалануға болады. Тіркеу мәліметтері тұрақты онлайн режимінде дүние жүзі бойынша жануарларды іздеу мен тасымалдауды жеңілдетуге арналған жануарларды сәйкестендірудің осыған ұқсас ірі халықаралық деректер қорларына ұсынылады.

Біздің сайтымызда өздеріңіздің асыранды жануарларыңызды тіркеу арқылы чиппен белгіленген жануарлар туралы ақпарат алмасу саласындағы халықаралық кіріктіру артықшылықтарын қолданыңыз!

PetID.kz - бұл микрочиппен белгіленген жануарлар туралы мәліметтер мен олардың иелерінің тұрғылықты жеріне сілтеме беретін деректер қоры.

PetID.kz - Қазақстан Республикасы бойынша үй жануарларын іздеудің дүниежүзілік желісіне қосылған жалғыз деректер қоры.

PetID.kz - жоғалған жануарларды іздеудегі көмек.

PetID.kz - жануарларды электронды сәйкестендіру жүргізілетін бекеттер туралы мәліметтер.

PetID.kz - бүкіл әлемде қолданылатын микрочиптер мен сканерлер туралы ақпарат.

PetID.kz - Сіз бен Сіздің сүйікті жануарыңыздың еркінділігінің жаңа сатысы.

Бұл деректер қорын құрудың басты мақсаты – жануарлар туралы мәліметтерді жүйелеу және жоғалған жануарларды иелеріне қайтару мүмкіндігін арттыру.

Жануарларды электронды сәйкестендіру - Сіздің жануарыңыздың құқықтарын қорғаудағы оң қадам. Электронды паспорт – сіздің қамсыз болуыңыздың кепілі.

Біздің перне

Перне коды

Біз В контактедеміз

Біздің сауалымыз

Сіз жануарыңызды деректер қорына тіркедіңіз бе?
 

Біз Facebookтеміз

Joomla Templates and Joomla Extensions by JoomlaVision.Com

Яндекс.Метрика